«Автомобиль көлігі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысы аясындағы семинар-кеңес
03-02-2022 09:14
«Автомобиль көлігі»  бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің  жұмысы аясындағы семинар-кеңес

      2022 жылдың 3 ақпанында ZOOM платформасында «Автомобиль көлігі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысы аясындағы онлайн семинар-кеңес өтті.

Іс-шара барысында келесі педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. А.С. Есен, «Жезқазған технология және сервис колледжі» КММ, «Жас маман» жобасы арқылы оқу жабдықтарын жаңғырту» тақырыбында;

2. А.Н. Войтко, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Еңбек нарығының заманауи үрдістеріне сәйкес дағдыларды игеру» тақырыбында;

3.  А.А. Ковалев және К.А. Синельников, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, «Колледждің материалдық-техникалық базасын жабдықтау және жаңғыртудағы студенттік конструкторлық бюроның рөлі» тақырыбында.

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастырушылық мәселелер талқыланып, ОӘБ төрағасы А.В. Шебалин іс-шараны қорытындылады.

Семинарға 28 адам қатысты.