«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған вебинары
04-02-2022 10:19
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған вебинары

      2022 жылдың 04 ақпанында оқу-әдістемелік орталығы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының кітапханашыларына арналған вебинарын өткізді. Вебинарда «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директоры Абдикерова Бакиткул Химальдиновна, «Теміртау қаласының білім беру бөлімі» ММ әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Құдайбергенова Екатерина Казимировна, Балқаш қаласының «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ директоры Дубирбекова Қарлығаш Шакаримовна сөз сөйледі.

Балқаш қаласы «Әлихан Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі» КММ кітапхана меңгерушісі Г.Т. Башарова, Теміртау қаласы «№16 ЖББМ» КММ және «№7 ЖББМ» КММ кітапхана меңгерушілері В.П. Кошкина, Е.В. Соколенко өз тәжірибесімен бөлісті.

Вебинар барысында оқушылар арасында 20-минуттық оқуды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесі көрсетілді, Google Classroom платформасы, QR кодтары, оқырман чек-парағы сияқты мектеп кітапханасы жұмысындағы инновациялық нысандар мен әдістер қарастырылды. Вебинарға Қарағанды облысының 280 кітапханашылары қатысты.