«Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру шеңберіндегі семинар-кеңес
07-02-2022 09:54
«Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру шеңберіндегі  семинар-кеңес

      2022 жылдың 7 ақпанында «Оқуға құштар колледж» жобасын жүзеге асыру аясында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапхана меңгерушілері мен кітапханашыларының семинар-кеңесі өткізілді.

Семинар-кеңесте қатысушылар өздерінің оқу орындарында «Оқуға құштар колледж» жобасы бойынша өткізілген жұмысты көрсетті. Келесі оқу орындарының кітапхана меңгерушілері өз тәжірибелерімен бөлісті: Веретенникова Н.В., «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК; Ещанова А.М., «Қарағанды облыстық жоғары мейіргер колледжі» КМК; Жылтырбаева Г.Р., «Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі» КМҚК; Сошникова М.А., «Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖМ.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша жобаны іске асырудың проблемалық мәселелері айтылды, сондай-ақ оны іске асыру бойынша тапсырмалар берілді.

Іс-шараға 50-ден астам кітапхана меңгерушілері мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кітапханашылары қатысты.