Размер шрифта:
«Мамандық таңдауда бізді не жетелейді?» ашық кураторлық сағаттар
09-02-2022 18:18
«Мамандық таңдауда бізді не жетелейді?» ашық кураторлық сағаттар

      2022 жылдың 9 ақпанында «Мамандық таңдауда бізді не жетелейді?» тақырыбындағы ашық кураторлық сағаттардың фрагменттері көрсетілді. Іс-шара директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында өтті.

Кураторлық сағаттарды Теміртау жоғары политехникалық колледжінің (Емельянова О.В.), Теміртау техникалық колледжінің (Мельник А.Г.), Бөкенов атындағы Қарағанды ​​банк колледжінің (Шоланова А.Е.) оқытушылары көрсетті.

Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізудегі тәжірибелерімен А.Қ.Қахарман (Қарсақпай агротехникалық колледжі), Баймағанбетова Т.М. (Қарағанды ​​коммерциялық колледжі) бөлісті.

Шара нәтижесінде мектеп оқушыларын колледждегі іс-шараларға барынша тарту, кәсіптік бағдар беру кезінде әлеуметтік серіктестермен бірлесіп жұмыс істеу, MyCollege сайтын белсенді пайдалану сияқты ұсыныстар берілді.