Студенттер арасындағы қолөнер бойынша шеберлік сабақ
2022 жылдың 11 ақпанында Zoom платформасында «Тігін ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысы аясындағы студенттер арасындағы қолөнер бойынша шеберлік сабағы өтті.
Іс-шара барысында «Теміртау индустриалды-технологиялық колледжі» КММ студенттері өндірістік оқыту шебері С. Н. Митрушованың жетекшілігімен шеберлік сабақ өткізді:
1. Каспирович К., «Тильда шүберек қуыршағын жасау» тақырыбында;
2. Фиге Л., «Кілемді жіппен өру» тақырыбында;
3. Татулина Е., «Матада жазу» тақырыбында.
Іс-шараға «Тігін ісі» бағыты бойынша 24 студент және 11 өндірістік оқыту шебері мен арнайы пәндер оқытушылары қатысты.