GEOINFO НАВИГАТОР
18-02-2022 17:11
GEOINFO НАВИГАТОР

      2022 жылы 18 ақпанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «GeoInfo навигатор» облыстық жобасы аясында «Интерактивті мүмкіндіктер проекциясы» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде нетворкинг өткізді. Нетвркингте Қарқаралы ауданың география пәні мұғалімдері өз тәжірибелерін ұсынды.

«Қ.Смайылов атындағы №43 ЖББ тірек (РО) мектебінің» КММ, география пәнінің мұғалімі – Д.М. Муканова, «География сабағында қолданылатын тиімді платформалар» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

«Бесоба ауылының №8 ЖББ тірек (РО) мектебің» КММ,  география пәнінің мүғалімі – М.Т. Рысбаев, оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін дамыту үшін ақпараттық технологияларды пайдалану тәжірибесін жинақтады.

«О.Жәутіков атындағы №1 ЖББ мектептің» КММ география пәнінің мұғалімі – Л.Т. Матимбаева, «География сабағында электрондық карта сызбаларды қолдану» деген жинағын ұсынды.

Барлығы нетвркингке қатысушылар саны 100 адамды құрады.