Размер шрифта:
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ОЛИМПИАДАСЫ
26-02-2022 18:29
       2022 жылдың 22-26 ақпаны аралығында апталық аясында дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің арасында олимпиада өткізіледі. Додаға еңбек өтілі кемінде 3 жылды құрайтын педагогтер қатыса алады. 
 
Бірінші кезең тестілеу түрінде онлайн режимде өтеді. 120 ұпайдан 50-ден жоғары алған ұстаздар екінші кезеңге жіберіледі. Екінші кезеңде қатысушылар YouTube арнаға сілтемемен таныстыру бейнеролигін ұсынады. 
 
Үшінші практикалық кезеңде педагогтер баскетбол, волейбол, футбол мен гимнастикадан дағдыларын көрсетеді. 
 
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы олимпиада қатысушыларына сәттілік тілейді!