Размер шрифта:
2015 жылдың 21 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығында «Техникалық бағыттағы жалпы кәсіби пәндер бойынша олимпиадаларды өткізу» тақырыбында облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.
21-12-2015 07:36
2015 жылдың 21 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығында «Техникалық бағыттағы жалпы кәсіби пәндер бойынша олимпиадаларды өткізу» тақырыбында облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

      2015 жылдың 21 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығында «Техникалық бағыттағы жалпы кәсіби пәндер бойынша олимпиадаларды өткізу» тақырыбында жалпы кәсіби пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің отырысы өтті.

     Отырыс модераторы техникалық және кәсіби білім беруді дамыту бөлімінің әдіскері – Т. Н. Нартова.

    Аталған бағыт бойынша ОӘБ  жетекшісі Н.А. Тапин қатысушылар назарына 2015-2016 оқу жылында облыстық әдістемелік бірлестік аясында жоспарланған  іс-шаралардың форматын талқылауға ұсынды. Қарағанды политехникалық колледжінің оқытушысы Н.М. Балашова «Сызу» пәні бойынша облыстық деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастырып, өткізудегі колледж тәжірибесін ортаға салды.Сонымен қатар Қарағанды политехникалық колледжінің жалпы кәсіби пәндер оқытушысы Т.Е. Таймурзанова Электротехника пәні бойынша олимпиадалар өткізу тәжірибесінен баяндама жасады.

    Ұсынылған сұрақтарды талдау барысында электротехника және сызу пәндері бойынша  2015-2016 оқу жылдарында өтетін облыстық іс-шаралардың түрі анықталды. Жобаланған түрде міндеттер бөлініп, техникалық бағыттағы жалпы кәсіби пәндердің олимпиадаларын өткізу жайындағы ұсыныстар берілді.