Размер шрифта:
Қарағанды облысы колледждерінің студенттері арасындағы облыстық зияткерлік ойыны
18-02-2022 18:36
Қарағанды облысы колледждерінің студенттері арасындағы  облыстық зияткерлік ойыны

      2022 жылдың 18 ақпанында Zoom платформасында «Шаштараз өнері» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы шеңберінде Қарағанды облысы колледждерінің студенттері арасындағы облыстық зияткерлік ойыны өтті.

Зияткерлік ойынға облыс колледждерінің «Шаштараз өнері» мамандығының 27 студентінен құралған 9 команда қатысты.

Әділ-қазылар міндетін Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері және әлеуметтік серіктестік «Соната плюс» шаштараз салоны атқарды.

Зияткерлік ойын үш турда өткізілді. Іс-шара соңында қазылар алқасы қорытынды шығарып, командалар арасындағы ойын жеңімпаздарын анықтады:

1 орын  - «Успешные красотки» командасы, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, жетекшісі Борзова Анастасия Ивановна;

2 орын - «Колесо фортуны» командасы, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, жетекшісі Кетерлинг Елена Оскаровна;

3 орын - «Золотые ножницы» командасы, «Қарағанды сән колледжі» ЖММ, жетекшісі Сорокина Наталья Владимировна.