2022 жылдың 18 ақпанында онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы «Менің өлкем. Қарағанды облысы бойынша виртуалды саяхат» байқауының облыстық кезеңі өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты: оқыту барысындағы жаңашыл ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын дәріптеу, білім беру ұйымдары мұғалімдерінің және оқушыларының құзыреттілігін, АКТ-ның дағдыларын игеру және дамыту, сонымен қатар оқушылардың туған жерімен тереңірек танысу.
Биылғы оқу жылында байқау 2 кезеңде өткізілді: I кезең – аудандық/қалалық деңгей, II кезең – облыстық деңгей.
2022 жылдың 17 қаңтары мен 07 ақпаны аралығында облысымыздың барлық аудандары мен қалаларында байқаудың І кезеңі өтті. І кезеңнің қорытындысы бойынша аудандық, қалалық білім бөлімдері, мамандандырылған мектеп-интернаттарымен облыстық деңгейге 19 өтініш жіберілді.
2022 жылдың 21 ақпанындаонлайн форматта ZOOM платформасында облыстық деңгейдің жеңімпаздарын марапаттау өтті.
Облыстық кезеңнің нәтижелері бойынша жеңімпаздар:
І орын – «Н.Нұрмақов атындағы ММИ» ҚММ, «Nurmakov» тобы;
ІІ орын – Сәтбаев қаласының «№16 ЖББМ» ҚММ, «МҰРАГЕР» тобы;
ІІІ орын – Абай ауданының «№10 мектеп-гимназиясы» ҚММ, «IT Smart».
«Үздік зерттеу жобасы»номинациясында Шет ауданының «Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектеп (РО) жанындағы интернат» ҚММ, «Аюлы» тобы дипломмен марапатталды.
«Үздік шығармашылық жоба»номинациясында Балқаш қаласы «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» ҚММ, «JaSTAR» тобы дипломмен марапатталды.
Барлық қатысушылар сертификаттармен, ал жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.