2022 жылдың 22 ақпанда «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК және Қарағанды қаласы «№3 Балалар өнер мектебі» КМҚК өнер мектептерінің фортепиано бөлімдерінің педагогтеріне арналған «Фортепиано сыныбында оқу-танымдық қызметті белсендірудің заманауи әдістері» атты вебинарын өткізді.
«Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК директорының орынбасары Копбаева Гульмира Сабитовна, Қарағанды қаласы «№3 Балалар өнер мектебі» КМҚК директоры Мукушев Ержан Какенович, Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің оқытушысы, арнайы фортепиано әдіскері Холопайнен Елена Васильевна құттықтау сөзімен вебинарды ашты.
Вебинарда Қарағанды қаласының №3 Балалар өнер мектебі фортепиано бөлімінің педагогтері,директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарыФрицлер Галина Витальевна, фортепиано бөлімінің меңгерушісі Куликовская Галина Николаевна, арнайы фортепиано педагогы Конищева Светлана Викторовна,арнайы фортепиано педагогы,концертмейстер Диордица Валерий Игоревич жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Вебинарға Қарағанды облысының қосымша білім беретін ұйымдарының 60 педагогы қатысты.