2022 жылдың 23 ақпанында облыстық Эксперттік кеңесінің кезекті отырысы өтті. 2022 жылдың 23 ақпанында облыстық Сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Қарағанды облысы білім басқармасының Қарағанды қаласы білім бөлімінің «№23 жалпы білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері өздерінің әдістемелік өнімдерін қорғауға ұсынды:
Арынтаева Д.О., Өмір А.Ж. - «Абайтану» таңдау курсының жұмыс дәптері (11 сынып, 34 сағат;
Мухамедкаримова К.Т., Байленова Ж.А. - «5 сынып оқушыларына арналған оқылым тапсырмалары (пысықтауға арналған жаттығулар)».
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық жұмыс тобының мүшелері педагогтердің жұмыстарына алдын ала талдау жасап, рецензиялар дайындады.
Отырыста Эксперттік кеңес мүшелері, орталық әдіскерлері ұсынылған жұмыстардың күшті және әлсіз жақтарын атап өтті, өз ұсыныстарын айтты.
Отырысқа Қарағанды қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Е.В. Лаверженцева, қазақ тілі әдіскері А.Е. Қадыр, «№23 жалпы білім беретін мектебі» КММ директоры Н. Ж. Ашықбаев, директордың орынбасары Гүлмира Мұратқызы қатысты.