2015 жылдың 22 желтоқсанында «2015-2020 жылдарға арналған көптілді білім беруді дамыту» жобасын сервис бағыты бойынша 13 колледж алдын ала қорғаудан өтті.
22-12-2015 05:21
2015 жылдың 22 желтоқсанында «2015-2020 жылдарға  арналған көптілді білім беруді дамыту» жобасын сервис бағыты бойынша 13 колледж алдын ала қорғаудан өтті.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңмен іске асыруды қолға алуды ұсынды. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» атап көрсетілді.

    Көптілді меңгеру негізінде тұлғаны жан-жақты қалыптастырып,   бәсекелестік қабілеттілігін арттыру мақсатында,  «Қазақстанда үш тілдік оқытуды дамыту жөніндегі Жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде,  Қарағанды облысы Білім беруді дамытудың оқу- әдістемелік орталығында 2015 жылдың 22 желтоқсанында «2015-2020 жылдарға  арналған көптілді білім беруді дамыту» жобасын сервис бағыты бойынша 13 колледж алдын ала қорғаудан өтті. 

         Осы негізінде Қарағанды облысының төменде көрсетілген колледждері көптілдік жобасын енгізбекші: «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ, «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ, «Көп салалы гуманитарлы техникалық колледжі», «Жезқазған технология және сервис колледжі» КММ, «Теміртау сауда және тамақтану колледжі» КММ, «Сәтпаев индустриалды колледжі» КММ, «М.Адекенов атындағы Қарқаралы ауылшаруашылық колледжі» КМҚК, «Бұқар-Жырау агротехникалық колледжі» КММ, «Қарағанды кәсіби техникалық колледжі» КММ, «Балхаш сервис колледжі» КММ, «Қарағанды индустриалды технологиялық колледжі» КММ, «Абай көпсалалы колледжі» КМҚК.