«Қолданбалы бакалавриат» бағыты бойынша оқыту семинары
![«Қолданбалы бакалавриат» бағыты бойынша оқыту семинары](/media/img/blogs/62161d28d7e02.jpg)
2022 жылдың 23 ақпанында «Қолданбалы бакалавриат» бағыты бойынша онлайн оқыту семинары өтті.
Семинарға Қарағанды облысының орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының 38 оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Іс-шараның спикерлері «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК және «Talap» КЕАҚ өкілдері болды:
- Далабаев Жанат Куанышбаевич, «Talap» КЕАҚ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұны басқармасының бастығы, «Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриаттың дамуын қамтамасыз етудің жай-күйі туралы» тақырыбында;
- Cуртубаева Диана Алматовна, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ғылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі, «Әдістемелік құралдарды, әзірлемелерді, ұсынымдарды жазу және ресімдеу туралы» тақырыбында.
Семинар соңында егжей-тегжейлі қарауды қажет ететін кейбір мәселелер талқыланды.