Размер шрифта:
«Қолданбалы бакалавриат» бағыты бойынша оқыту семинары
23-02-2022 17:40
«Қолданбалы бакалавриат» бағыты бойынша оқыту семинары

      2022 жылдың 23 ақпанында «Қолданбалы бакалавриат» бағыты бойынша онлайн оқыту семинары өтті.

Семинарға Қарағанды облысының орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары директорларының 38 оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Іс-шараның спикерлері «Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы» КМҚК және «Talap» КЕАҚ өкілдері болды:

  1. Далабаев Жанат Куанышбаевич, «Talap» КЕАҚ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мазмұны басқармасының бастығы, «Орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қолданбалы бакалавриаттың дамуын қамтамасыз етудің жай-күйі туралы» тақырыбында;
  2. Cуртубаева Диана Алматовна, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ғылымды дамыту бөлімінің меңгерушісі, «Әдістемелік құралдарды, әзірлемелерді, ұсынымдарды жазу және ресімдеу туралы» тақырыбында.

Семинар соңында егжей-тегжейлі қарауды қажет ететін кейбір мәселелер талқыланды.