2022 жылдың 23 ақпанында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің қызметі шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Тәуелсіз Қазақстан тарихы» тақырыбында облыстық олимпиада өткізілді.
Олимпиадаға қатысу үшін 60 өтінім берілді. Олимпиада Kahoot автоматтандырылған бағдарламасында өтті және 30 сұрақтан тұрды.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын- Бадилхан Жарқынгүл, ҚарМУ жанындағы Мейіргерлік білім беру мектебі, жетекшісі Зейнегабиева Жанаргуль Муратбековна;
2 орын- Сәбит Нұрхан Сәбитұлы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК, жетекшісі Мустафина Айгуль Сайрамбековна;
3 орын- Баймбет Нұрай Зейнелқызы, «Қарағанды индустриалды- технологиялық колледжі» КММ, жетекшісі Сәкен Қасымұлы Нұртаза;
3 орын- Шевцов Роман Александрович, ҚарМУ жанындағы Мейіргерлік білім беру мектебі, жетекшісі Сагимбекова Гульнар Рамазановна.