Семинар бағдарламасына сәйкес Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп– интернаты ««Ауыл – Қала» жобасын жүзеге асыруда Бұқаржырау ауданының мектептерімен бірлесе атқарған жұмыстары, тәжірибесі» бойынша мектеп директоры Букенов Б.К., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Бекбауова А.Т. атқарылған жұмыстардың барысымен таныстырды, тарих және физика пәндері мұғалімдері Табынбекова М.А., Мұхамеджан Н. оқушыларды ҰБТ-ға дайындау іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен бірге Бұқаржырау ауданының әдістемелік кабинетінің әдіскері Ойгорбай Б. аудан мектептерінде жоба аясында атқарылған іс-шаралармен таныстырды.
Семинар қорытындысында қатысушылар семинардың өзектілігіне тоқталып, атқарылған жұмыстар бойынша оң пікірлер айтты.
Семинарға барлығы 80 педагог қатысты.





umc-ro@umckrg.gov.kz




