2022 жылдың 24 ақпанында орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы аясында «Орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында интернет-ресурстарды пайдалану» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың спикерлері «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы В.И.Мутафян және информатика пәнінің оқытушысы М.А.Вегнер орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану тәжірибесін ұсынды.
Интернет-ресурстарды пайдалану педагогті үнемі өздігінен білім алуға және өзін-өзі дамытуға ынталандыратын болғандықтан оқытушы үшін де, студенттер үшін де қашықтықтан және дәстүрлі оқыту режиміндегі семинардың өзектілігі сөзсіз.
Семинарға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының орыс тілі мен әдебиетінің 40 оқытушысы қатысты.