«Заманауи музыкалық білім беру мәселелері» ғылыми-практикалық конференциясы
25-02-2022 16:04
«Заманауи музыкалық білім беру мәселелері»  ғылыми-практикалық конференциясы

      2022 жылдың 25 ақпанында «Өнер» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестік қызметі аясында  «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК-ның 70-жылдығына арналған «Заманауи музыкалық білім беру мәселелері» тақырыбында VII облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

Конференцияға Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің фортепиано бөлімінің 30-дан астам оқытушылары мен студенттері қатысты.

Қазіргі заманғы музыкалық білім берудің өзекті мәселелері анықталып, музыкалық-теориялық пәндерді оқытуда оларды шешу жолдары әзірленді.