Демонстрациялық емтихан бойынша оқыту семинары
25-02-2022 16:39
Демонстрациялық емтихан бойынша оқыту семинары

      2022 жылдың 25 ақпанында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында демонстрациялық емтихан өткізу ерекшеліктері» тақырыбы бойынша онлайн оқыту семинары өтті.

Семинарға Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 82 инженер-педагог қызметкерлері қатысты.

Іс-шараның спикерлері «Talap» КЕАҚ және Қарағанды облысы колледждерінің өкілдері болды:

  1. Еставлетова Атыргуль Алгатаевна, «Talap» КЕАҚ WorldSkills қозғалысын дамыту басқармасының бас менеджері, «Демонстрациялық емтиханын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» тақырыбында;
  2. Акжанова Акбота Анарбековна, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, Ахметов Бегзат Айткенович, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру» тақырыбында;
  3. Лизогуб Олег Владимирович, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК құзыреттер орталығының меңгерушісі, «CIS ерекшеліктерін ескере отырып, демонстрациялық емтихан тапсырмасына бағалау критерийлерін жасау ерекшеліктері» тақырыбында;
  4. Цай Дмитрий Владимирович, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ директоры, «Демонстрациялық емтихан өткізу кезінде CIS бағдарламасын пайдалану» тақырыбында.

Семинар соңында проблемалық мәселелер талқыланды. Ұсыныстар берілді.