Размер шрифта:
Колледждердің педагог-психологтарына арналған «Педагог-психолог жұмысындағы уақытты басқару» семинар-практикумы
24-02-2022 12:29
Колледждердің педагог-психологтарына арналған «Педагог-психолог жұмысындағы уақытты басқару»  семинар-практикумы

      2022 жылдың 24 ақпанында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының ОӘБ жұмысы аясында «Педагог-психолог жұмысындағы уақытты басқару» тақырыбында семинар өтті.

Қатысушылардың назарына «Тайм-менеджмент – уақытты басқару» (Миронова Е.И., Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және заң  колледжі педагог-психологы) және «Уақытты басқарудың 10 әдісі» (Козлова Е.О.,  «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК педагог-психологы) материалдары ұсынылды.

Семинар нәтижесінде педагог-психологтарға «уақытты басқару» бойынша әдістемелер кешенін қолдану және колледж оқытушылары мен студенттеріне осындай семинарлар өткізу ұсынылды.

Семинарға облыстың 40 педагог-психологы қатысты.