Облыстық «Заманауи әлемдегі педагог» дистанциондық эссе байқауына педагогтардың жұмысы 2015 жылдың 16 қарашасынан 15 желтоқсанға дейін қабылданды.
21-12-2015 05:59

    Байқаудың Ережесіне сәйкес байқау қорытындысын шығару және марапаттау 21.12 .- 27.12.2015 аралығында жүргізіледі.

   Байқауға Қарағанды облысының 18 аймағынан 507 шығармашылық жұмыс қатысты.

   Байқаудың әділ қазылар алқасының шешімімен барлық жұмыстар келесі номинацияларға бөлінді: балалар үйінің педагогтары, жаратылыстану-математикалық бағыт мұғалімдері (математика, физика, информатика), орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих мұғалімдері, жаратылыстану бағыты мұғалімдері (химия, биология, география), бастауыш сынып мұғалімдері, арнайы (түзету) білім беру ұйымдары педагогтары, жалпы білім беретін мектептердегі директордың тәрбие ісі бойынша орынбасарлары, сынып жетекшілері, тәлімгерлер, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері.

   Барлық жұмыстарды бағалауда өзіндік жазылу ерекшеліктері ескерілді және  плагиат сараптамасынан өткізілді.

   Эссе байқауының қорытындысы ҚО ББД ОӘО umckrg.gov.kz.  сайтында 2015 жылдың 30-31 желтоқсанында жарияланады.