«Сапалы білім «Білімді ұлт» ұлттық жобасының бағдарламасына сәйкес, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК оқу орнының 100 жылдығына орай 2022 жылдың 28 ақпанында «Дуальді оқыту: мәселелері мен болашағы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференция қатысушылары: Қазақстан Республикасы колледждерінің және Минск мемлекеттік энергетикалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары мен студенттері, әлеуметтік серіктестер.
Конференция ZOOM платформасын қолдана отырып, келесі бағыттар бойынша өтті:
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы дуальді оқытудың теориялық-әдіснамалық аспектілері және қазіргі заманғы мәселелері;
- Әлеуметтік серіктестік жағдайында интеграцияланған қызметті іске асыру;
- Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындадуальді оқыту жағдайында тәжірибеге бағытталған оқытудың сапасын арттыру.
Қатысушылар дуальді оқытуды енгізу тәжірибесімен бөлісіп, проблемалық мәселелерді талқылады.
Ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс хаттар және сертификаттар табысталды.