Мұражай педагогикасы бойынша семинар
2022 жылдың 28 ақпанында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының директорларына, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, педагогтерге, білім беру бөлімдерінің мамандарына арналған «Мұражай педагогикасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану»атты семинары өткізілді.
Семинар барысында «Қарағанды индустриалды-технологиялық колледжі» КММ және «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК педагогтері оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда мұражай педагогикасын пайдалану тәжірибесін ұсынды.
Семинарда 500-ден астам педагог қамтылды.