«Цифрлық әлемге қадамдар» облыстық жобасы аясында презентация мен фотоколлаж байқауы
03-03-2022 17:40
«Цифрлық әлемге қадамдар» облыстық жобасы аясында  презентация мен фотоколлаж байқауы

      2022 жылдың 1 наурызында  Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Цифрлық әлемге қадамдар» жобасы аясында Қарағанды облысының 5-8 сынып оқушыларының, сондай-ақ педагогтарының функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында презентация мен фотоколлаж байқауын өткізді.

Байқау екі кезеңде өткізілді:

Бірінші кезең - 2022 жылдың 24 қаңтар - 15 ақпан аралығында аудандық, қалалық деңгейінде өткізілді. Ең үздік жұмыстар облыстық кезеңге жіберілді.

Екінші кезең - 2022 жылдың 1 наурызында өтті. Байқаудың облыстық кезеңінде қатысушылар өздерінің презентацияларын мен фотоколлаждарын қорғады.

Байқаудың барлық жеңімпаздарын құттықтаймыз!

«Фотоколлаж» бағыты бойынша байқаудың нәтижесі:

1 орын:

  • Калина Дмитрий - Теміртау қаласы, «Бірінші Теміртау клласикалық лицей» КММ;

2 орын:

  • Тилеу Али – Шахтинск Қаласы, «Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицей» КММ;

3 орын:

Берікбай Еркежан, Утегенова Айым, Тұрғали Нұрай – Балқаш қаласы, С.Сейфуллин атындағы «№7 мектеп-гимназия» КММ.

 «Презентация» бағыты бойынша байқаудың нәтижесі:

1 орын:

  • Швецова Арина - Теміртау қаласы, «Бірінші Теміртау клласикалық лицей» КММ;

2 орын:

  • Сериков Абдуллах, Тұрсынбек Бақытжан - Балқаш қаласы, «№16 ЖББОМ» КММ;

3 орын:

 «Nurmakov» тобы -  Қарағанды қаласы, Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп – интернат.