Облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау жұмыстарын жетілдіру және сапасын арттыру, сондай-ақ консультативтік-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы колледж әдіскерлері үшін педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын түсіндіру бойынша вебинар өткізді.
Вебинарда Облыстық сараптамалық Кеңестің хатшысы, білім мазмұнын талдау және стратегиялық дамыту бөлімінің меңгерушісі Г.С.Сәрсекеева техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерін аттестаттау рәсіміндегі өзгерістер туралы толық түсіндірме берді.
Рефлексия жүргізу барысында вебинарға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Вебинарға облыс колледждерінің 93 әдіскері мен орынбасары қатысты.