2015 жылдың 23 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Тәжірибемізбен алмасамыз» жобасы аясында Осакаровка ауданы №9 гимназиясында облыстық семинар өткізілді.
23-12-2015 06:40
2015 жылдың 23 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Тәжірибемізбен алмасамыз» жобасы аясында Осакаровка ауданы №9 гимназиясында  облыстық семинар өткізілді.

   2015 жылдың 23 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Тәжірибемізбен алмасамыз» жобасы аясында Осакаровка ауданы №9 гимназиясында жаратылыстану пәндерінің (химия, биология, физика, география, математика) мұғалімдері үшін «Сабақ үрдісінде оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын дамыту» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға тәжірибе алмасу мақсатымен Нұра, Осакаровка аудандарынан 27 мұғалім қатысты. №21 ЖББОМ физика пәнінің мұғалімі - Тохан Бақытбек, №1 ЖББОМ биология пәнінің мұғалімі - Мукушева Г.С, Колхозная ЖББОМ физика пәнінің мұғалімі - Ермолаев М.А, Батпақ ауылы ЖББОМ химия пәнінің мұғалімі - Констичиану Т.Н. ашық сабақтар беріп өздерінің іс-тәжірибесімен бөлісті.Сабақ үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатымен сабақтың жаңа мазмұны және жаңаша әдіс-тәсілдер көрсетілді. №9 гимназияның математика пәнінің мұғалімі Медведьева М.В. «Оқушылардың өзін-өзі бағалауы және бірін-бірі бағалауы оқыту үрдісінде оқушы уәжіне қалай әсер етеді» тақырыбында рефлексия өткізді.

Өткізілген облыстық семинар қатысушылардың оң бағасына ие болды.