2022 жылы 11 наурызында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «GeoInfo навигатор» облыстық жобасы аясында «Интерактивті мүмкіндіктер проекциясы» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде нетворкинг өткізді. Нетворкингте Нұра ауданың география пәні мұғалімдері өз тәжірибелерін ұсынды.
М.А. Пшембаев Нұра ауданы «Қарой ЖББМ» КММ география пәнінің мұғалімі «География сабағында тиімді платформаларды пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамыту» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Т.И. Мусихина Нұра ауданы «Ш.Уалиханов атындағы ЖББМ» КММ география пәнінің мұғалімі «Интерактивті карталарды қолдану негізіндегі геоақпараттық сауаттылық» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
С.Б. Букеров Нұра ауданы «Ы.Алтынсарин атындағы Тірек мектебі (РО)» КММ географияпәнінің мұғалімі география сабағында интерактивті картаны пайдалану арқылы жергілікті елді мекеннің ауа райын картанысын құрастыру арқылы метеостанцияның ауа райы болжайтын құралдармен таныстырды.
Н.Ж. Усербаев Нұра ауданы «М.Жумабаев атындағы ЖББМ» КММ география пәнінің мұғалімі мектеп оқушыларын география пәндік олимпиадаға дайындау тәжірибесімен бөлісті.
Барлығы нетвркингке қатысушылар саны 100 адамды құрады.