Әдістемелік десант Бұқар жырау ауданында
14-03-2022 11:06
Әдістемелік десант Бұқар жырау ауданында
      2022 жылдың 1-2 наурыз күндері Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы әдіскерлерімен Бұқар жырау ауданының білім беру ұйымдарының іс-қағаз жүргізушілері және директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары үшін Ботақара кенті және Ростов ауылы мектептерінің базасында әдістемелік десант ұйымдастырылды.
«Әдістемелік десант» – бұл педагогтердің кәсіби деңгейін арттыруға және шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететін әдістемелік көмек көрсетуге бағытталған практикум-консультация. Әдістемелік десант бағдарламасы педагогтердің кәсіби қиындықтары мен білім беру қажеттіліктерін диагностикалау негізінде құрылған. Әдістемелік десант мынадай іс-шараларды қамтыды: Әдістемелік сағат, практикум, рефлексия.
Әдістемелік десант жұмысына Бұқар жырау ауданынан 159 педагог қатысты, оның ішінде 62 директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 40 директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және 57 іс-қағаз жүргізушілері.
Семинарлардың қорытынды бөлімінде педагогтермен жұмыс істеудің осы форматының маңыздылығын, пайдалылығы мен қажеттілігін бағалауға мүмкіндік беретін рефлексия жүргізілді.
Практикумға қатысушы педагогтер әдістемелік десант – бұл педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру бойынша әдістемелік қолдаудың тиімді нысаны деп санайды.