Педагог-психологтер мен әлеуметтік педагогтер үшін діни радикализмнің алдын алу бойынша семинары
2022 жылдың 16 наурызында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының педагог-психологтерімен әлеуметтік педагогтеріне арналған «Діни радикализмнің алдын алу бойынша оқушылармен жұмыс түрлері» атты семинарыөткізілді.
Семинар спикері: Муканова Сауле Муратовна, «Қарағанды облысы дін істері басқармасының Қарағанды облысы конфессияаралық қатынастарының проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММақпараттық-түсіндіру, талдау және үгіт насихатқа қарсы жұмыстары бөлімінің психологы.
Семинар барысында оқушылардың қазіргі жағдайдағы діни радикализм мен экстремизм көріністерінің зияндылығы, деструктивті діни ұйымдардан келетін қауіп туралы түсініктерін қалыптастыру және алдын алу мәселелері қарастырылды.