Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн
17-03-2022 17:06
Ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері, мамандандырылған мектеп-интернаттар директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн

      Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2022 жылдың наурыз айының 17-cі күні ZOOM платформасында ақпараттандыруға жетекшілік ететін білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мамандандырылған мектеп-интернаттары директорларының орынбасарларына арналған әдістемелік күн өткізді.

Әдістемелік күнде келесі мәселелер талқыланды:

  • Әдіскерлерді аттестаттау туралы;
  • «Білім беру робототехникасы» жобасы аясындағы оқыту курсын ұйымдастыру туралы;
  • «Web-мастер» жобасы аясында оқыту семинарларын ұйымдастыру туралы;

Әдістемелік күнге 31 маман қатысты.