Размер шрифта:
Форум учителей казахского языка и литературы
25-03-2022 16:39
Қарағанды облысының білім басқармасы және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 24 наурызда «Қазақ тілі мен әдебиеті: оқыту мәселелері және жаңа көзқарас» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық форумы өтетінін хабарлаймыз. Форум мақсаты: кәсіби біліктілігі жоғары педагогтердің әлеуетін «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерін оқытудың өзекті мәселелерін шешуге және білім сапасын арттырудың ұтымды жолдарын айқындауға жұмылдыру. Форумда орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту мазмұны: МЖМББС, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары, оқулықтар және ОӘК, білім алушылардың білімін бағалау, қорытынды аттестаттау, мектеп оқушыларының қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша олимпиадалары, конкурстар, ғылыми-жобалық зерттеулер, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерін дайындау, кәсіби біліктілігін көтеру, аттестаттау жағдайлары мен проблемалары бойынша өзекті мәселелер көтеріліп, сұрақтар талқыланады. Құрметті, Тіл жанашырлары! Осы мәселелер төңірегінде пікір алмасып, өз ойларыңызбен бөліскілеріңіз келсе, форумға белсене қатысуға шақырамыз!