«Оқу орны туралы үздік бейнеролик» қашықтықтан байқауы
17-03-2022 07:13
«Оқу орны туралы үздік бейнеролик» қашықтықтан байқауы

      2022 жылдың  17  наурызында Қарағанды ​​облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Оқу орны туралы үздік бейнеролик» облыстық қашықтықтан өткізілетін байқау  өткізілді.

Байқаудың мақсаты– студенттік  жастарды кәсіптердің жіктелуімен тереңірек танысуға тарту, еңбек құралдары мен жағдайлары туралы түсініктерді дамыту, мамандықты талдау дағдыларын дамыту.

Байқауға 32 колледж студенттері қатысты.

Барлық жұмыстар тәуелсіз қазылар алқасымен критериалды бағаланып, отырыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

1орын -  Әбжанова Гүлсезім Мұхтарқызы, Тлеуғабылова Әдемі Маратқызы, «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК студенттері, жетекшісі Тулегенова Г. Х.;

2 орын -   Шаметова Сабина Ринатовна, Әбенов Бекнияз Болатұлы «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ студенттері, жетекшісі Байгошкаров Г. М.;

2 орын -   Кабдулхамитов Ернұр Нұржанович, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК  студенті,  жетекшісі Әбдікәрім А. А.;

3 орын -   Мамашев Дулат Талгатович, «ҚР Халық қаһарманы»  Ракымжан Қошқарбаев атындағы  Балхаш техникалық колледжі» КММ  студенті,  жетекшісі Зобов М. М.;

3 орын -   Бергер Виталий Александрович, Cушкевичус Анастасия Григорьевна   «Абай көпсалалы колледжі»  КМҚКстуденттері,  жетекшілер Адильбекова Г. Ж., Бимакаева А. К.;

3 орын -   Гольштейн Кирилл Евгеньевич «Болат Әбдікәрімұлы атындағы Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК студенті,  жетекшісі Зейникенов М. С.

Жеңімпаздар Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.