«Менің қашықтықтан сабағым - 2022» шығармашылық жобалар облыстық қашықтықтан байқауы
24-03-2022 16:23
«Менің қашықтықтан сабағым - 2022»  шығармашылық жобалар облыстық қашықтықтан байқауы

    2022 жылдың 24 наурызында Zoom платформасында «Шаштараз өнері»  бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысы аясындағы «Менің қашықтықтан сабағым - 2022»  шығармашылық жобалар облыстық қашықтықтан байқауы өтті.

Байқауға «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша оқытатын облыс колледждерінің 13 оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберлері қатысты.

Әділ-қазылар міндетін Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері және әлеуметтік серіктестер атқарды.

Байқау үш номинация бойынша өткізілді:

1. Үздік бейне сабақ;

2. Үздік презентация;

3. Үздік әдістемелік әзірлеме.

Байқау соңында жеңімпаздар анықталды:

Бірінші номинация бойынша:

1 орын- Абдряхимова Альфия Мянсуровна, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері;

2 орын- Гельфанд Яна Алексеевна, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері;

3 орын- Борзова Анастасия Ивановна, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері.

Екіншіноминация бойынша:

1 орын- Абдсейтова Перизат Сагатовна,  «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері;

2 орын- Абдряхимова Альфия Мянсуровна, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері;

3 орын- Ешмаханбетова Алтынкул Жаксылыковна, «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері.

Үшіншіноминация бойынша:

1 орын- Ненахова Ирина Николаевна, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ оқытушысыи Кетерлинг Елена Оскаровна«Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері;

2 орын- Жактаева Асель Негметжановна, «Қарағанды  технология және сервис колледжі» КММ оқытушысы;

3 орын– Ермухамбетова Айгульсын Садуакасовна, «Балқаш сервис колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері.

Жеңімпаздар дипломдармен, барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.