Размер шрифта:
Педагог-психологтерге арналған облыстық семинар-тренинг
25-03-2022 09:16
Педагог-психологтерге арналған облыстық семинар-тренинг

     2022 жылдың 25 наурызында PISA халықаралық зерттеулеріне қатысатын Қарағанды облысының білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріүшін қазақ және орыс тілдерінде семинарлар өткізілді.

Семинар барысында зерттеуге қатысуға дайындық кезеңінде психологиялық қолдау жүйесі талқыланып, оқушылармен, педагогтермен және ата-аналармен жұмыс жасаунысандары мен әдістері ұсынылды. Тыңдаушылар психоэмоционалдық және бұлшықет кернеуін жоюға арналған тренингтік жаттығуларды апробациялады.

Семинарлардың спикерлері «Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ педагог-психологы Кузеуова Куралай Керейбаевна, Теміртау қаласының «№21 жалпы білім беретін мектебі» КММ педагог-психологыПопова Лариса Аркадьевна.