Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналған семинар «Абайтану» оқулық-кешенінің тұжырымдамасы және мазмұны»
30 наурыз ZOOM платформасында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әл-Наир баспасы» «2022-2023 оқу жылында оқу процесіне енетін 5-11 сыныпқа арналған «Абайтану» оқулық-кешенінің тұжырымдамасы және мазмұны» тақырыбында облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне семинар өткізді.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің хаты негізінде «Абайтану» оқулық-кешенін әзірлеген авторлар Семей қаласы, Төлеубай Аманов атындағы №16 ЖББМ мұғалімдері Кунафина Гульнара Агзановна, Нурлыбаева Жанар Нурахымовна таныстырылым жасап, мұғалімдер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Семинарға облыстың 100-ден астам педагогі қатысты.