Размер шрифта:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналған семинар «Абайтану» оқулық-кешенінің тұжырымдамасы және мазмұны»
30-03-2022 16:00
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне арналған семинар «Абайтану» оқулық-кешенінің тұжырымдамасы және мазмұны»

      30 наурыз ZOOM платформасында  Нұр-Сұлтан қаласындағы «Әл-Наир  баспасы» «2022-2023 оқу жылында оқу процесіне енетін 5-11 сыныпқа арналған «Абайтану» оқулық-кешенінің тұжырымдамасы және мазмұны» тақырыбында облыстың қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдеріне семинар өткізді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің хаты негізінде «Абайтану» оқулық-кешенін әзірлеген авторлар Семей қаласы, Төлеубай Аманов атындағы №16 ЖББМ мұғалімдері Кунафина Гульнара Агзановна, Нурлыбаева Жанар Нурахымовна таныстырылым жасап, мұғалімдер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

         Семинарға  облыстың 100-ден астам педагогі қатысты.