«Тігін ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысы аясында семинар-практикум
30-03-2022 11:05
«Тігін ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің  жұмысы аясында семинар-практикум

      2022 жылдың 30 наурызында Zoom платформасында «Тігін ісі» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысы аясында семинар-практикум өтті.

Іс-шара барысында «ПИК Ютария ltd» ЖШС өндірістік инновациялық компаниясының конструктор-модельерлері және «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖММ оқытушысы жұмыс үрдісінде компьютерлік бағдарламаларды қолдану бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Кенжетаева С.А. және Курмангалиева Р.Е. «ПИК Ютария ltd» ЖШС өндірістік инновациялық компаниясының конструктор-модельерлері, «TetraCad» САПР бағдарламасы арқылы ерлер жұмыс костюмінің үлгісін жасау» тақырыбында;

2. Тукенова М.С., «Жезқазған Бизнес және көлік колледжі» ЖММ оқытушысы, «САПР «REDCAFE» бағдарламасында киімдерді жобалау» тақырыбында.

Іс-шараға «Тігін ісі» бағыты бойынша 20 өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары қатысты.