Директорлардың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясындағы вебинар
30-03-2022 11:10
Директорлардың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының аясындағы вебинар

      2022 жылдың 30 наурызындаZoom платформасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорлардың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысы шеңберінде облыстық вебинарөткізді.

Вебинарғаоблыс колледждерінің 58 орынбасарықатысты.

Бағдарламаға сәйкес «Жас маман» жобасын іске асырубойынша келесі колледждердің өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Кастальский Олег   Львович, «Қарағанды тау-кен индустриалды колледжі» КММ директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары, «Құзырет орталығының және шеберханаларының жұмысын көрсету» тақырыбында;

2. Искаков Думан Сайлауханович, «Қарағанды теміржол колледжі» КММ директорының оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары, Шалғынбаев Бақтыбай Қатжанович, кәсіби оқыту бойынша орынбасары, «Жас маман» жобасын іске асыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы» тақырыбында.

Шара қатысушылары веминар соңындағы рефлексия кезінде өздерінің ұсыныстары мен тілектерін жеткізді.