Оқу-өндірістік процесті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы
30-03-2022 11:32
Оқу-өндірістік процесті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысы

      2022 жылдың 30 наурызында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөліміоқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасарлардың облыстық әдістемелік бірлестігі жұмысының шеңберінде оқу-өндірістік процесті ұйымдастыру мәселелері жөніндегі жұмыс тобының отырысын өткізді.

Отырысқа облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдары директорларының 8 орынбасары қатысты.

Отырыс барысында 2022-2023 оқу жылына арналған ОӘБ жұмыс жоспарын құру, колледж студенттері мен педагогтеріне арналған облыстық кәсіби шеберлік байқауларын ұйымдастыру және өткізу бойынша  сұрақтар қаралды.

Талқылау барысында әр қатысушы өз тәжірибесімен бөлісіп, өз ұсыныстарын айтты.

Қорытындысында жұмыс тобының мүшелерінің жоғарыда айтылған сұрақтар бойынша нақты ұсыныстар беру мерзімдері анықталып, шешімдер қабылданды.