Размер шрифта:
Бастауыш сынып мұғалімдерінің форумы
30-03-2022 12:13
Бастауыш сынып мұғалімдерінің форумы
      Қарағанды облысының білім басқармасы және білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 30 наурызда "Бастауыш мектеп: білім мен ғылымның негізі" тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдерінің облыстық форумын өткізді. 
 
Форумның мақсаты: бастауыш тәрбие мен оқытуды дамыту, бастауыш білім беру педагогтерінің кәсіби және жеке тұлғалық өсуі бағыты бойынша мәселелерді шешу. 
 
Форумда бастауыш тәрбие мен оқытуды дамыту, бастауыш білім беру педагогтерінің кәсіби және жеке тұлғалық өсуі, бастауыш білім беру жүйесінің кадрларын даярлау, бастауыш және орта буын сабақтастығы және басқа да мәселелер қаралды. 
 
Форум екі бағыт бойынша өтті: 3 секциялық алаң және білім басқармасы басшысының қатысуымен пленарлық отырыс. 
 
Іс-шара қорытындысы бойынша қарар қабылданып, тиісті тапсырмалар берілді.