Размер шрифта:
«Робокросс» облыстық байқауы
31-03-2022 18:06
«Робокросс»  облыстық байқауы

      2022 жылдың 30 наурызында  Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжіҚарағанды ​​облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығыменбірлесіп  техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында ақпараттық сауаттылық апталығы аясында WorldSkills стандарттарына сәйкес «Мобильді робототехника» құзыреті бойынша «Робокросс» облыстық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты- аймақтағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің  арасында WorldSkills қозғалысы мен оқу робототехникасын дамытуға үлес қосу.

Байқауға 6 студент қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орын - Акуленко Олег Владимирович, Марченко Артём Евгеньевич, «Nutcraker» командасы, «Жезқазған жоғары политехникалық  колледжі» КМҚК студенттері;

2 орын-Нарықбаев Алихан Болатұлы, Калдыбеков Медеу Тойбекович,  «KVPTK» командасы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті;

3 орын-берілмеді.

Жеңімпаздар Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.