«Бөлшектерді (тораптарды) 3 өлшемді модельдеу үшін компьютерлік жүйелерді пайдалану» облыстық байқауы
01-04-2022 15:53
«Бөлшектерді (тораптарды)  3 өлшемді модельдеу үшін компьютерлік жүйелерді пайдалану»  облыстық байқауы

      2022 жылдың 1 сәуірінде  Қарағандыжоғары политехникалық колледжі  Қарағанды ​​облысында  білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп  Ақпараттық сауаттылық апталығы аясында техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында WorldSkills стандарттарына сәйкес «CAD инженерлік графикасы»  құзыреті бойынша «Бөлшектерді (тораптарды) 3 өлшемді модельдеу үшін компьютерлік жүйелерді пайдалану» облыстық байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты- 3 өлшемді модельдеу саласында теория мен практиканың жаңа бағыттарын анықтау,  06120100 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету»  мамандығының болашақ мамандары ретінде студенттердің  кәсіби дағдыларын меңгеруге деген ынтасын арттыру.

Байқауға 4 студент қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

1 орын - Рехнер Игорь Сергеевич, «Теміртау жоғары политехникалық  колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Василенко Елена Александровна;

2 орын -Омыржанов Диас Даниярұлы, «Жезқазған жоғары политехникалық  колледжі» КМҚК студенті,  жетекшісі Бекежанова Эльмира Ерлановна;

2 орын -Межидов Михаил Андреевич, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ студенті, жетекшісі Балтабай Данияр Қазбекұлы;

3 орын-  Марков Владислав, «Қарағанды  технология және сервис колледжі» КММ студенті,  жетекшісіМамбетов Санат Куантаевич.

Жеңімпаздар Қарағанды ​​облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.