2022 жылдың 1 сәуірінде Қарағандыжоғары политехникалық колледжі Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп Ақпараттық сауаттылық апталығы аясында техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында WorldSkills стандарттарына сәйкес «CAD инженерлік графикасы» құзыреті бойынша «Бөлшектерді (тораптарды) 3 өлшемді модельдеу үшін компьютерлік жүйелерді пайдалану» облыстық байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты- 3 өлшемді модельдеу саласында теория мен практиканың жаңа бағыттарын анықтау, 06120100 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының болашақ мамандары ретінде студенттердің кәсіби дағдыларын меңгеруге деген ынтасын арттыру.
Байқауға 4 студент қатысты. Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.
1 орын - Рехнер Игорь Сергеевич, «Теміртау жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Василенко Елена Александровна;
2 орын -Омыржанов Диас Даниярұлы, «Жезқазған жоғары политехникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Бекежанова Эльмира Ерлановна;
2 орын -Межидов Михаил Андреевич, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ студенті, жетекшісі Балтабай Данияр Қазбекұлы;
3 орын- Марков Владислав, «Қарағанды технология және сервис колледжі» КММ студенті, жетекшісіМамбетов Санат Куантаевич.
Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.