2015 жылдың 18-19 желтоқсан күндері ШЖМ дамыту зертханасы білім бөлімдерінің әдіскерлері Абай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Шет аудандарының ресурстық орталықтарының директорлары үшін оқыту семинарларын өткізді.
18-12-2015 05:23
2015 жылдың 18-19 желтоқсан күндері  ШЖМ дамыту зертханасы білім бөлімдерінің әдіскерлері  Абай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Шет аудандарының ресурстық орталықтарының директорлары үшін оқыту семинарларын өткізді.

     Қарағанды облысы білім басқарма басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2015 жылдың 18-19 желтоқсан күндері  ШЖМ дамыту зертханасы білім бөлімдерінің әдіскерлері  Абай, Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Шет аудандарының ресурстық орталықтарының директорлары үшін оқыту семинарларын өткізді. Ал Ұлытау ауданы мен Жезқазған қаласы үшін 2015 жылдың 23 желтоқсанында Жезқазған қаласының №9 орта мектеп базасында ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: тірек мектептерін ашу және оның жұмыс жасауға дайындығын, даму қызметін қамтамасыз етуді ұйымдастыруда әдістемелік көмек беру болып табылады. Бұл оқыту семинарының тірек мектептерінің қызметін жаңдандыруда төмендегідей бағытта көп көмегі болды: 

      - тірек мектебінің білім беру жүйесінің ерекшеліктерін түсінуге;

      - 2012 ЖБББС негізінде құрудың бірыңғай форматын жобалауға;

      - тірек мектебінің жұмыс жасауы үшін қажетті ресурстарды жоспарлауды жүзеге асыруға;

      - сессиялық және сессияаралық уақытта оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру әдістері мен түрлерін анықтауға;

     - тірек мектебін құру үрдісін жоспарлауға.