Размер шрифта:
«ШАБАЛ БЕЙСЕНБЕКОВА ОҚУЫ-2022» ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫ
08-04-2022 17:26

2022 жылдың 8 сәуірінде Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы және «Сәтбаев қаласының білім бөлім» ММ ұйымдастыруымен  «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Құрмет» орденінің иегері, Сәтбаев қаласының құрметті азаматы Шабал Бейсенбековаға арналған дәстүрлі «ШАБАЛ БЕЙСЕНБЕКОВА ОҚУЫ-2022» педагогикалық байқауы өтетінін хабарлаймыз.

Мақсаты: Шабал Бейсенбекованың жеке тұлғаны тәрбиелеу мен оқытудағы озық тәжірибелерін тарату арқылы педагогтердің  кәсіби құзыреттілігін дамытуға жағдай жасау.

Іс-шара барысында педагогикалық оқудың бағыттарына сәйкес қатысушылар баяндамаларымен, инновациялық жобаларымен, авторлық бағдарламаларымен және оқу-тәрбие үдерісіндегі  іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жұмыстарын қорғайды.