Размер шрифта:
«ЗЕЙІН» ӘЛЕУМЕТТІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ аясындағы семинар
05-04-2022 07:35
«ЗЕЙІН» ӘЛЕУМЕТТІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ  аясындағы семинар

      2022 жылдың 5 сәуірінде Қарағанды облысында  білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының  және  «Жезқазған қаласының  білім бөлімі»ММ ұйымдастыруымен қалалық, аудандық білім бөлімінің әдіскерлеріне, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне ZOOM платформасы арқылы«ЗЕЙІН» ӘЛЕУМЕТТІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ аясындағы семинар өткізілді.

Семинар модераторы Жезқазған қаласы №8 гимназияның  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі, педагог-сарапшы Сәдірислам Думан Ғаниұлы болды.  Семинар барысында келесі педагогтер:

  1. №8 гимназиясының  қазақ тілі мен әдебиеті пәні  мұғалімі Досжанова  Бағлан  Мухамбедиевна;
  2. №1 ЖББМ  мұғалімі  Түсіпова Торғын Бекеновна;
  3. №9 мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұсабаев Сәкен Жаңбырбайұлы;
  4. Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Азбаева Айжан Хамиевна;
  5. №13 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсембаева Ажар Султанияновна;
  6. №11 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Асем Турсынбаевналар өз тәжірибелерімен бөлісті.

Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында №21 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кикбаева Асел Тілегенқызы 8-сынып оқушыларымен  Қабдеш Жұмаділовтің «Сәйгүліктер» повесін талқылуға бағытталған пресс-конференция өткізді.

№21 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абжаппарова Гульназия Мусулманбекқызы және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ертаева Ақгүл Ертайқызы 5-7 сынып оқушыларымен поэзиялық сайыс   өткізді.

Семинарға облыстың 100-ден артық педагогтері қатысты.