2022 жылдың 5 сәуірінде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығының және «Жезқазған қаласының білім бөлімі»ММ ұйымдастыруымен қалалық, аудандық білім бөлімінің әдіскерлеріне, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне ZOOM платформасы арқылы«ЗЕЙІН» ӘЛЕУМЕТТІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОБАСЫ аясындағы семинар өткізілді.
Семинар модераторы Жезқазған қаласы №8 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Сәдірислам Думан Ғаниұлы болды. Семинар барысында келесі педагогтер:
- №8 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досжанова Бағлан Мухамбедиевна;
- №1 ЖББМ мұғалімі Түсіпова Торғын Бекеновна;
- №9 мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұсабаев Сәкен Жаңбырбайұлы;
- Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Азбаева Айжан Хамиевна;
- №13 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бейсембаева Ажар Султанияновна;
- №11 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Асем Турсынбаевналар өз тәжірибелерімен бөлісті.
Республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында №21 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кикбаева Асел Тілегенқызы 8-сынып оқушыларымен Қабдеш Жұмаділовтің «Сәйгүліктер» повесін талқылуға бағытталған пресс-конференция өткізді.
№21 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абжаппарова Гульназия Мусулманбекқызы және қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ертаева Ақгүл Ертайқызы 5-7 сынып оқушыларымен поэзиялық сайыс өткізді.
Семинарға облыстың 100-ден артық педагогтері қатысты.