География мұғалімдерінің форумы
13-04-2022 17:31

Қарағанды облысының білім басқармасы және Қарағанды облысында білім беруді дамытудың  оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен  13 сәуірде «Географиялық білім берудегі озық ой және заманауи көзқарас» тақырыбында география пәні мұғалімдерінің облыстық форумы өтетінін хабарлаймыз.

Форум мақсаты:Іс-шара география пәні мұғалімдерінің мамандығын қолдау және педагогтер мәртебесін арттыру.

Форумдаорта мектепте география  пәнін оқыту мазмұны: МЖМББС, үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары, оқулықтар және ОӘК, білім алушылардың білімін бағалау, қорытынды аттестаттау, мектеп оқушыларының география пәндері бойынша олимпиадалары, конкурстар, ғылыми-жобалық зерттеулер, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері  мұғалімдерін дайындау, кәсіби біліктілігін көтеру, аттестаттау жағдайлары мен проблемалары бойынша өзекті мәселелер көтеріліп, сұрақтар талқыланады.

Құрметті, әріптестер!  Осы мәселелер төңірегінде пікір  алмасып, өз ойларыңызбен бөліскілеріңіз келсе, форумға белсене қатысуға шақырамыз!