Размер шрифта:
М.И.Цветаеваның туғанына 130 жыл толуына арналған «Красною кистью рябина зажглась... » облыстық мәнерлеп оқу байқауы
08-04-2022 17:50
М.И.Цветаеваның туғанына 130 жыл толуына арналған «Красною кистью рябина зажглась... »  облыстық мәнерлеп оқу байқауы

2022 жылдың 8сәуірінде Шахтинск технологиялық колледжі Қарағанды облысында білім беруді дамытудыңоқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында М.И.Цветаеваның туғанына 130 жыл толуына арналған «Красною кистью рябина зажглась...»  облыстық мәнерлеп оқу байқауының қорытынды кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты - студенттердің әдебиетке деген танымдық қызығушылығын дамыту, студенттер қауымдастығында заманауи және классикалық әдебиетті дәріптеу.

Байқауға 41 студент қатысты.

Барлық қатысушыларды тәуелсіз қазылар алқасы бағалады. Байқаудың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

1 орын - Шаметова Сабина Ринатовна, «Қарағанды техника-құрылыс колледжі» КММ студенті, жетекшісі Нуржанова Зауре Болатовна; 

2 орын - Янке Елизавета Александровна, «Теміртау индустриалды- технологиялық  колледжі» КММ студенті, жетекшісі Мутафян Вера Ивановна;

3 орын - Валаханович Даниил Андреевич, «№7 құрылыс Минск мемлекеттік кәсіптік лицейі» білім беру мекемесінің студенті, жетекшісі Танкевич Мария Дмитриевна;

3 орын - Кенегул Маргулан Максатулы, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі» ЖММ студенті,  жетекшісі Серикова Асыл Жанатовна.

Жеңімпаздар Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.